Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Танысының телефонын ұрлап, шотынан ақша аударып алған қызылордалық анықталды

Танысының телефонын ұрлап, шотынан ақша аударып алған қызылордалық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 маусым күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал ауданы полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, аудан орталығындағы азық-түлік дүкендердің бірінде белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кетіп, банк қосымшасы арқылы есеп-шотынан 60 мың теңгесін аударып алғанын көрсеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтап, ұстады. Ол өзінің танысы көрші ауданның тұрғыны болып шықты. Оған қатысты “ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат” түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру