Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тапанша алып, сериалдағы масканы киген: Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-на шабуыл жасады

Маска киген Өскемен тұрғыны ЖЖҚС-на шабуыл жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамырда Өскемен қалалық ПБ “102” жедел каналына өтініш келіп түсті. Қоңырау шалушы түнде белгісіз ер адам танымал “Кальмар ойыны” сериалының маскасын киіп, Грейдерная көшесіндегі ЖЖҚС-на кіріп, онда кассирді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, инкассаторлық сөмкелерде болған 2 млн теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткенін хабарлады.

Сигналды қабылдап, тәртіп сақшылары осындай батыл қылмысты ашуға дереу кірісті. Тергеу іс-шараларының барлық кешенін жүргізген криминалдық полицияның жедел қызметкерлері ізін суытпай 2 сағат ішінде облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Ұрланған ақша ұсталған адамның көлігінен табылды, ал тапаншаның өзі үйде тәркіленді, ол ойыншық болып шықты.

– Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, оның әрекеттері ҚР ҚК 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сараланады, санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру