Тараз полицейлері 2,7 млн теңге айыппұлы бар жүргізушіні ұстады
Тараз полицейлері 2,7 млн теңге айыппұлы бар жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты нұсқамаларды тексеру барысында ВАЗ-21015 автокөлігін анықтады.
Бұл көлік құралының жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бірнеше мәрте бұзған, сондай-ақ айыппұлдар бойынша берешегі болған. Жалпы айтқанда, жүргізуші көлік құралымен Жамбыл облысының аумағында 91 рет жылдамдық режимін бұзып, оған 2 млн 726 мың 400 теңге сомасында айыппұл салынған.
Тараз қаласының полиция басқармасы жедел басқару орталығының камералары арқылы іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында аталған автокөлік облыс орталығының Б. Момышұлы атындағы көшесінде анықталып, тоқтатылды.
Көлік иесі барлық айыппұлдарды төлегенге дейін көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.