Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны полицейлерге жол белгілерін орнатқаны үшін алғыс айтты

Тараз тұрғыны полицейлерге жол белгілерін орнатқаны үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтың атына видео келіп түсті, онда Тараз тұрғыны полиция қызметкерлеріне Қапал көшесі мен Қапал 4-ші тұйық көшесіне жол қозғалысын реттеудің қосымша техникалық құралдарын орнатқаны үшін алғысын білдірді.

Жамбыл облысы ПД ӘПБ қызметкерлері Тараз қаласы әкімдігінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өкілдерімен бірлесіп қаралып жатқан учаскелерге тексеру жүргізді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларына жол бермеу мақсатында көлік құралдарының қозғалыс жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін жасанды тегіс емес жерлерді орнату туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, жол қозғалысын реттеудің тиісті техникалық құралдары, яғни 1.16.1 «жасанды кедір-бұдыр», 3.24 «30 км/сағ ең жоғары жылдамдықты шектеу», 1.11.1-1.11.2 «қауіпті бұрылу», 1.31.1-1.31.2 «бұрылу бағыты»жол белгілері орнатылды.

– Азаматтарды қабылдау барысында мен полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменовке көшеміз тұрғындарының мәселесін шешуге көмек сұрап жүгіндім. Жанат Қуанышұлы бізге келіп, жол инфрақұрылымымен танысты және өзінің қарамағындағыларға қажетті жол белгілерін қоюды тапсырды. Біз оған және техникалық қадағалау қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру