Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда Mercedes жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 шілдесінде сағат 21:40-та Төле би және Ұлбике ақын көшелерінің қиылысында Mercedes-Benz CLS 350 маркалы автокөлігінің жүргізушісі жүріс бөлігімен жүріп келе жатқан велосипедшіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерекке қатысты бірқатар сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес қылмыстық істің мән-жайы жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру