Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда сотталғанның анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты

Таразда сотталғанның анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбылда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші А.П. есімді азаматшаның анасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты.

Светлана Юрьевна өз хатында түзеу мекемесінде дүниеге келген немересі мен оның анасына көрсетілген қамқорлық үшін департамент бастығы Нияз Рыспаевқа, сондай-ақ ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбековке ризашылығын жеткізген.

– Түзеу мекемесінде өмірге келген немерем мен қызыма қолайлы жағдай жасап, қамқорлық танытқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Сонымен қатар, анамның қайтыс болуына байланысты сот үкімімен жазалы деп танылған қызымды қысқа мерзімді демалысқа жібергендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Сіздерге және жанұяларыңызға бар жақсылықты тілеймін. Үнемі адами қалыпта қалатындарыңызға сенімім мол!, – делінген хатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру