Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.Тараз қаласы Полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, мөлтек аудандардың бірінде кешкі сағат 21:00 шамасында велосипедiнiң ұрланғандығы туралы арызданды. Келтірілген жалпы шығын көлемі 60 мың теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктінiң айтуынша, ол ұрланған велосипедті сатып, ақшасына алкогольдік ішімдік алмақшы болған. Ол өз кінәсін толық мойындады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша велосипед ұрлығының 65 дерегі тiркелiп, қазіргі уақытта оның 54-i ашылды. Негізінен велосипед ұрлау дерегi көпқабатты үйлердің кiреберiстерiнде, дүкендер мен супермаркеттердің жанында орын алуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру