Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда заң талаптарына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды

Таразда заң талаптарына бағынбаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы жол ережесін өрескел түрде бұзған Lexus LX 470 автокөлігі байқалған.

Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері берiлген арнайы бағыттамаға сәйкес аталған көлікті анықтап, тоқтатпақ болды. Алайда жүргізушi ескертуге қарамай, қала көшелерімен қашып, нәтижесінде алысқа кетпейтінін түсініп тоқтаған.

Тоқтаған кезінде автокөлікте болған жолаушы өздігімен полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, қашып кетіп, кейінен көшенiң бойында ұсталды.

Автокөлік жүргізушісі 40 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны екендігі анықталды. Оның айтуынша, полиция қызметкерлерінен қашып, облыс сыртына шығып кетем деп ойлаған.

Аталған дерек ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-тармағымен (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен аталған құқық бұзушылық үшін 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу қарастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру