Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздан келген қалта ұрысы Алматының қоғамдық көліктерінде жүрді

Тараздан келген қалта ұрысы Алматының қоғамдық көліктерінде жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараздық “қалта ұрысы” Алматының қоғамдық көліктерінде жүрді.

– Біздің бөлімнің қызметкерлері 27 жастағы Ж.есімді азаматты ұстады. Ер адамның қоғамдық көлік жолаушыларынан, бірнеше рет бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысы бар екендігі анықталды. Мәселен, ол 205 және 455 қоғамдық көлік бағыттарының салондарында жүрген кезде, бірнеше ұялы телефондарды еркін қол жетімділік арқылы ұрлап, олардың иелеріне 900 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Айғақты заттар тәркіленді. Бостандық аудандық полиция Басқармасы ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру