Тараздық әйелдің мойнынан алтын алқасын жұлып алғандар ұсталды
Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғынынан мөлтек аудандардың бірінде белгісіз адамдардың құны 200 мың теңге болатын алтын алқасын мойнынан жұлып, белгісіз бағытқа қарай бой тасалағаны туралы хабарламасы түсті.
Тараз қаласы ПБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл облысының 23 және 21 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Олардың бұрын алаяқтық және ұрлық деректерімен сотты болғаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Олардан айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.