Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер iрi көлемдегi алаяқтық жасаған күдiктiнi ұстады

Тараздық полицейлер iрi көлемдегi алаяқтық жасаған күдiктiнi ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 шілдеде Тараз қаласы Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғындары жалпы сомасы 2 620 000 теңге қаражатын бейтаныс азаматшаның аз пайызбен несие шығарып беремін деген сылтаумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен иеленіп кеткені туралы арызданған.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 34 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталды.

Күдікті кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-тің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру