Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер TikTok түсірмек болған жүргізушіні құрықтады

Тараздық полицейлер TikTok түсірмек болған жүргізушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласы Полиция басқармасының мониторинг тобымен бейнебақылау жұмыстарын жүргізу барысында жол ережесін қатаң бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына келген кезде ВАЗ автокөлігінің иесі жылдамдықты асырып, қашуға әрекеттенген. Сондай-ақ, көлік жолаушылары өз әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, интернет желісіне салып отырған.

Автокөлік иесі жол ережесін қатаң түрде бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 9-тармағымен (Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеген), 590-бабы 2-тармағымен (Мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ) және 599- бабы 2-тармағымен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналынан өту) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ВИДЕО МҰНДА

Көлік арнайы айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге 25 айлық есептік көрсеткіш, яғни 76 575 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру