Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер жыл басынан бері 150 миллионнан астам айыппұл өндірді

Жамбылда жыл басынан бері 150 млн. теңгеден  астам айыппұл өндірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың  9 айында Тараз қаласының ПБ Әкімшілік полиция бөлімінің өндірісінде 62 399  әкімшілік құқық бұзушылық туралы  материал болды.

Барлығы 21 154 тұлғаға қатысты жалпы сомасы 220 970 713 теңге әкімшілік айыппұл салынған, оның ішінде 15 783 әкімшілік материал бойынша жалпы сомасы 151 361 269 теңге өндірілді.

Құқық бұзушылардың жұмыс орындарына айыппұл төлеу қажеттігі туралы жалпы сомасы 3 203  837 теңгені құрайтын 240 қаулы жолданған.

Салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлемеген тұлғаларға қатысты сот орындаушылардың өңірлік палатасына 46 685 100 теңгені құратын 3373 материал жолданды, оның ішінде 637 материал бойынша 9 326 796 теңге өндірілді.

Стационарлық “Автоураган” автоматтандырылған бағдарламалық кешенінің және “Хюндай” базасындағы жылжымалы “Автоураган-М” АБК мүмкіндіктерін пайдаланып,  шектеуде тұрған 548 көлік құралы арнайы тұраққа қойылып,  6 474  830 теңге сомасындағы айыппұл өндірілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру