Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Текелі полициясы көше тонаушысын ұстады

Алматы облысының Текелі полициясы көше тонаушысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Текелі ҚПБ кезекші бөліміне 65 жастағы жергілікті тұрғын орталық саябақта сағат 18.30 шамасында белгісіз ер адамның шабуыл жасағаны туралы арызданған. Күдікті азаматшаның бетінен ұрып, жеке заттарынан басқа ұялы телефоны мен ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Жалпы шығын сомасы 76 мың теңгеден асып отыр. Аталған дерек ҚР ҚК 191-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол бұған дейін де қарақшылық, ұрлық үшін бірнеше рет сотталған, Қаратал ауданы Қаратал ауылының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Жәбірленуші жәдел әрі сапалы қызметі үшін тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру