Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда дәмханадан ішімдік ұрлаған күдікті қолға түсті

Теміртауда дәмханадан ішімдік ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 49 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленушінің қалада жеке кәсіппен айналысатыны, өзіне тиесілі дәмханасының бары белгілі болды. Түнгілік уақытта белгісіз біреулер оның дәмханасының есігін бұзып, ішінен бірқатар ішімдікті ұрлап кеткен.

Келтірілген шығын көлемі 193 мың теңгені құраған.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен “ізін суытпай” 29 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру