Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ер адам оқушының телефонын ұрлап кетті

Теміртауда ер адам оқушының телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 48 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу 14 жастағы қызынан құны 116 мың теңге тұратын ұялы телефоның ұрлап кеткен. Бұл жағдай қызы сабақтан кейін автобуспен қайтып келе жатқанда болған.

9 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.

Ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленуші тарапқа қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру