Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер бөтеннің мүлкін ұрлаған азаматты ұстады

Теміртаулық полицейлер контейнерден жасалған ұрлық фактісін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 қазан күні  таңғы сағат 5.00 шамасында Теміртау қаласының полицейлеріне сауда үйлерінің бірінде орналасқан контейнерден ұрлық жасалды деген ақпарат түскен.

Оқиға орнына барған патрульдік полиция нарядына 55 жастағы жәбірленуші белгісіз біреудің  контейнерінің есігін бұзып, 80 мың теңгенің тауарын ұрлап кеткенін айтқан.

Өткізілген  жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері  осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті жасаған қылмысын мойындады, одан ұрланған заттар тәркіленді.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 – бабы (Ұрлық)  бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру