Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 12 пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ағайынды екі жігіт ұсталды

Алматыда ағайынды екі жігіт 12 пәтерге ұрлыққа түсті деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Күдіктілер – 1979 және 1986 жылы туған ағайынды азаматтар, олар негізінен Әуезов және Бостандық аудандарында күндіз домофон арқылы пәтерге қоңырау шалып, бос пәтерлерді іздеген. Домофон қоңырауына ешкім жауап бермесе олар кіреберістерге, содан кейін тұрғын үйдің ішіне кіріп кетіп жүрген. Ал кешкі уақытта олар шамдары өшірулі пәтерлерді таңдаған. Қаскөйлер тек ақша, әйелдердің күзен тондарын, алтыннан жасалған бұйымдарды, бас киімдер, ноутбуктер, сөмкелер ​​және басқа да көлемді емес, бірақ құнды тұрмыстық заттарды алып кетумен айналысқан “, – деді Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы  Еркін Іңкәров.

Тергеу барысында ұсталған азаматтардың осыған ұқсас 12 қылмысты жасауға қатыстылығы дәлелденді.

Тергеу іс-шаралары ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлімі (Ұрлық)  бойынша  өткізілуде. Айғақ заттар тәркіленді. Күдіктілердің Алматы қаласының аумағында  жасалған басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.