Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық полицейлер ұрланған телефонды иесіне қайтарды

Теміртаулық полицейлер ұрланған телефонды иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 33 жастағы азаматша арызданды. Қала тұрғыны қаладағы сауда үйлерінің біріне барғанын, кейін сол жерде белгісіз біреу қалтасынан құны 200 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткенін айтты.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру