Павлодарда 39 тұрғын абаттандыру ережесін бұзған
Павлодарда 39 тұрғын абаттандыру ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Полицияның Қазақстандық сервистік моделі” пилоттық жобасы аясында жазғы кезеңде Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны жасақтарының тығыздығы қайта қаралды. Көшелерді, аулаларды, саябақтарды, бақтарды, Орталық Жағалауды және тұрғындардың басқа да демалыс орындарын күзететін жаяу бекеттер, автопатрульдер ойын-сауық орындарына, ірі сауда үйлеріне жақын.
Полицияның учаскелік пункттері көбейді, онда кез келген учаскелік пункт өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша әкімшілік учаскіге қызмет көрсететін басқа учаскелік пунктке қайта бағыттамай көмек көрсетеді. Осылайша, азаматтарға қызмет көрсету аясында полицияның жаңа сервистік пунктінде азаматтардың өтініштерін қабылдайтын кезекші бар. Учаскелік пункт штатында кәмелетке толмағандармен жеке кабинетте жұмыс істейтін ювеналды полиция қызметкері де бар. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ана мен бала бөлмесі де бар.
Алдын алу жұмыстары және тәулік бойы патрульдеу барысында өткен аптада тұрғындарды мас күйде қоғамдық орындарда пайда болуының 46 фактісінің жолын кесті, 39 тұрғын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 22 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың белгіленген уақытта тұрғынжайдан тыс және ойын-сауық орындарында болу фактілерінің 14-і тоқтатылды, ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Тыныштықты бұзу фактілері бойынша да қала тұрғындарының өтініштері келіп түсті, 63 тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
– Сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін “Кибер-шериф” автоматты жүйесімен жабдықталған екі автопатруль жұмылдырылды, олар жылдамдықтан асып кетудің 210 фактісін анықтады. Павлодар қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 326 адам жеткізілді және орналастырылды. Ал 11 автокөлік жүргізушісі мас күйінде көлік жүргізген. Барлығы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жауапқа тартылды, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының міндетін атқарушы Арман Қаптаев.