Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тергеу изоляторына телефон өткізбек болған азаматтың ісі әшкере болды

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №71 тергеу изоляторына қамауға алынғандардың сәлемдемесін тексеру кезінде, тергеудегі әйел адамға арналған тағамдардың ішінен тыйым салынған зат табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үйде дайындалған қарақұмық салынған пластикалық ыдыс ішінен көк түсті Realme телефоны тәркіленді.

– Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жасалып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, – деп атап өтті мекеме бастығы Арнай Әбдірахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру