Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Тиолайн” ЖШС-да бұзақылық жасаған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Солтүстік Қазақстан облысында “Тиолайн” ЖШС-да бұзақылық жасаған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 маусым Тайынша АПБ кезекші бөліміне “Обуховский ГОК” ЖШС кіре берісіне көлік құралдарымен 30 шақты адамның келгендігі жайында хабарлама келіп түсті. Шұғыл түрде тау-кен байыту комбинаты мүліктік кешенінің аумағына АПБ жедел-тергеу тобы жіберілді.

Тау-кен байыту комбинатының қоршалған аумағының алдына “Тиолайн” ЖШС-нің жеті құрылтайшыларының екеуі Қарағандыдан қарағандылық күзет агентікттерінен өз өкілдерімен келгені анықталды.

Тау-кен байыту комбинатының аумағына кіруге оқталған кезде күзет агенттіктері және ұйым қызметкерлері мен “Обуховский ГОК” ЖШС-ті күзетуді жүзеге асыратын күзет агенттіктері және ЖШС өкілдері арасында дау-жанжал туындады. Қорытындысында, Тайынша ауданының және Ақмола облысының емдеу мекемелеріне түрлі дене жарақаттарымен 10 адам жүгінген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ, күзет агенттіктерінің өкілеттіліктерді асыра пайдалану фактісі де ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. 1994 және 1998 жылдары туған екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

СҚО Полиция департаменті және облыстық прокуратура басшылығы ЖШС басшылығы мен жұмысшыларынан құқыққа сәйкес іс-әрекет жасай отыра, кәсіпкерлік қызметтің құқықтары мен мүдделерін заңды түрде қорғауды талап етіп жатыр.

Баспасөз-жадынамасы: “Тиолайн” ЖШС қызмет түрі: титан-цирконий құмын (кен) өндіру және байыту.

2004 жылы тау-кен байыту комбинатының титан-цирконий рудасының кенорнына жақын маңына салынған “Тиолайн” ЖШС әділет органында тіркелді. ЖШС басшылығында жеті құрылтайшы бар: бір заңды тұлға және алты жеке тұлға. 2006 жылғы 18 қыркүйекте “Тиолайн” ЖШС 2023 жылға дейін Обуховское кенорнында титан-цирконий құмын (рудасын) өндіруге ҚР Энергетика министрлігімен келісімшартқа қол қойылды.

Қазіргі уақытта “Тиолайн” ЖШС құрылтайшылары арасында ЖШС қызметінен түскен кірісті бөлісу жөнінде даулы мәселелер туындап отыр, бұл сотта істің бірнеше рет қаралуына және даулы жағдайға әкелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру