Шымкенттік әйел үйіндегі тоңазытқышта есірткі сақтаған
Шымкент қаласында 46 жастағы әйел полиэтилен пакетке оралған есірткі типтес заттарды үйіндегі тоңазытқышта сақтап келген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 маусымда Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2020» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі затын заңсыз сақтау фактісі бойынша 1974 жылы туған әйел өз үйінде тоңазытқышта полиэтиленді пакетке орап, есірткіге ұқсас заттарды сақтағанын анықтады.Сараптаманың қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар жалпы салмағы 1 килограммға жуық «марихуана» мен «гашиш» есірткі заттары екендігі анықталды.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сондай-ақ, осы есірткі заттарының пайда болу жолдары мен оның заңсыз айналымға салыну деректерін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әйелге қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.