Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдай режимінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керек?

ШҚО бойынша ПД-де төтенше жағдай режимінде құжаттардың мерзімі аяқталса не істеу керектігін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ел аумағында “Төтенше жағдай енгізу туралы” Мемлекет басшысының Жарлығына байланысты төтенше жағдай мерзімінде жарамдылық мерзімі өткен келесі құжаттар жарамды деп танылады:

–  Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты және жеке куәлігі;

–  Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

–  Азаматтығы жоқ тұлға куәлігі;

–  Босқын куәлігі;

–  Пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

–  Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсатнама

–  Визалар;

–  Еңбек мигранттарына рұқсатнама.

ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев жоғарыда көрсетілген құжаттарды ауыстыру (ұзарту) әкімшілік жауапкершілікке тартпастан, төтенше жағдай аяқталғаннан кейін жүзеге асырылатынын атап өтті.

Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер аталған мәселе бойынша төтенше жағдай аяқталған соң 30 тәулік ішінде хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру