Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдайды алдын-алу бойынша рейдке оқушылар ат салысты

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының мамандары төтенше жағдайдың алдын-алу бойынша рейд ұйымдастырды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі туралы білімді қалыптастыру мақсатында Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары Мирный ауылында рейд ұйымдастырды. ҚББМО № 29 жас құтқарушылар орталығының Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдай департаментінің базасында қосымша жаттығулардан өтіп жатқан мектеп оқушылары құтқарушыларға көмек көрсетуді ұйғарды.

Ақмола көшесінің тұрғындарына күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігі, пешті жылытуды қауіпсіз пайдалану, отпен балалардың ойнамауы, электр жылыту құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі, әңгімелерде иіс газы қауіптілігіне ерекше назар аударылды.

Оқушылар инспекторлар сияқты тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қол жетімді ұсыныстары, өрт туындаған кездегі адамның әрекеттері туралы сипаттама және төтенше жағдай туындаған кезде жедел жүгіну үшін “101” және “112” телефондары көрсетілген түрлі-түсті жадынамалар мен түбіртектер берді.

«Үй иелерімен әңгімелесу барысында мектеп оқушылары өрттің және олардың салдарынан адамдардың қаза болуының қайғылы статистикасын келтірді, үйді өрттен қалай қорғауға болатындығын, пештерді жылыту күйін бақылау қажеттілігі туралы айтып берді. Олар өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігін естеріне салды », – деп мәлімдеді Өскемендегі Төтенше жағдай басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова.

«Балалардың айтуынша, бұл шарада олар тағы да өздеріне пайдалы көптеген нәрселерді үйреніп алды. Өскемен қаласының тұрғындарына көмектесудің нәтижесіне өздері риза болды. Өздерінің ой-өрісін айтарлықтай кеңейтті. Мұндай рейдтер және адамдармен тілдесу оқушыларда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауға саналы және жауапкершілікпен қарауына ықпал етеді. Төтенше жағдайларда әрекет ету үшін қажетті біліммен, дағдылар мен шеберлікпен қамтамасыз етеді және көмек көрсетуге бей-жай емес болады », – деп атап өтті ҚББМО № 29, Виктория Майер педагог-ұйымдастырушы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру