Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түнгі уақытта көшеде жүрген ақтөбелік жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды

Түнгі уақытта көшеде жүрген ақтөбелік жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 мамыр күні сағат 22:40-та Ақтөбе қаласы ПБ Астана ауданы №1 қалалық полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары ойын-сауық орындары бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде дәмханалардың бірінен сағат түнгі 22:00 шамасында үш кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерінсіз жүргендігін анықтады.

Аталған факті бойынша мекеме иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды (сағат 22-ден таңғы 6 – ға дейін) – 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, онда ата-аналарға 3 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру