Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарға 6 миллионнан астам шығын келтірген пәтер ұрылары ұсталды

11 пәтер ұрлығын жасаған екі азамат тұрғындарға алты миллионнан астам шығын келтірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасы қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 34 жастағы аудан тұрғыны және 30 жастағы қала тұрғыны екі күдікті азамат тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Олар кешкі уақытта үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерін сындырып,  ақша, зергерлік бұйымдарды және мылтық ұрлықтарын жасаған.  Күдікті азаматтар  қазан айынан бастап бірнеше рет ұрлыққа түскен.

Қазіргі таңда жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық және мүліктік шығындар алты миллионнан астам сомманы құрайды. Полицейлер күдіктілердің басқа да 10 ұрлық дерегіне қатысы бар екендігін анықтады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде адамдар тобының сөз байланысуымен тұрғын үй жайға заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқыру) және 291-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Қаруды, оқ-дәрілерді адамдар тобының алдын ала сөз байланысуымен жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы ақпан айында қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес бірнеше рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Енді тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылмайды. Ондай қылмыс жасағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру