Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның көлігі жанып, полиция дер кезінде көмекке келді

Түркістан облысының тұрғыны полицейге көлігін сөндіруге көмектескені үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданының тұрғыны Сухраб Махкамбаев Сайрам АПБ-ның полиция қызметкері Еркін Алметовке алғысын білдірді. Тұрғынның айтуынша полицей оның жанып жатқан автокөлігін сөндіруге дер кезінде көмек көрсеткен.

Жігіт 1 қыркүйек күні сағат 11.00 шамасында өзінің “BMW” автокөлігімен аудан орталығы Ақсукент кентінің бір көшесімен келе жатады. Кенет күтпеген жерден көлік капотының астынан түтін шығып, өртене бастайды. “BMW” жүргізушісі көлігін бірден тоқтатып, өрт сөндіру бөліміне және полицияға хабарласып, көмек сұрайды.
Осы уақытта жақын аймақта жүрген Сайрам АПБ-ның патрульдік полиция инспекторы Еркін Әлметов өртті байқап, жедел шаралар қабылдайды. Тәртіп сақшысы шұғыл әрекет етіп, қызметтік автокөліктен өрт сөндіргішті алып шығып, жанған өртті сөндіреді. Полиция қызметкерінің шебер және жылдам әрекеттерінің нәтижесінде өрт тез арада ауыздықталды. Полицейдің кәсіби шеберлігі мен қырағылығының арқасында Сухрабтың автокөлігіне қатты зардап келген жоқ. Көлік иесі жөндеуден кейін ол одан әрі жүретініне сенеді.

Ал, полицей болса өзінің іс-әрекетін ерлік деп санамайды. Оның айтуынша қызметте күнделікті осындай әртүрлі жағдайлар орын алады. Ең бастысы бұндай сәттерде немқұрайды болмай және мұқтаж адамдарға көмекке келуге барынша тырысу керек дейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру