Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған Түркістан облысының бас полицейі алғысқа бөленді

Түркістан облысында әлеуметтік желіде тұрғынның өтінішін қараусыз қалдырмаған бас полицей алғысқа бөленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов әлеуметтік желіде өзіне келген сұрақтар мен мәселелерді назардан тыс қалдырмайды.

Түркістан қаласы О. Жарылқапов көшесінің тұрғыны Эльмира Сартаева бас полицейдің әлеуметтік желідегі парақшасына пікір жазады. Онда көшелерінде көліктер қатты жылдамдықпен жүретінін айтқан. Соның алдын алу, болдырмау жолдарын қарастырып, мүмкіндік болса бейнебақылау камераларын орнатуға өтініш білдірген. Тұрғынның уәжі бойынша Мұрат Қабденов сол мезетте тиісті құрылым басшысына тапсырма беріп, істі бақылауға алды.

Нәтижесінде, полицейлер аталған көшеге барып, өтініш иесімен кездесті. Әйелге бұл көшеде жол қауіпсіздігін сақтау үшін 3 сергек камерасы орнатылғаны айтылды. Одан бөлек, Э. Сартаеваның уәжін қанағаттандыру мақсатында көшені толық зерделеп, қарап шықты. Содан супермаркет тұсына жаяу жүргіншілер өткелі жол таңбасын сызып, екі жақтама жаяу өтпенің екі данасын орнату үшін әкімдіктегі тиісті мекемеге нұсқама жолданды.

Әлеуметтік желіге қалдырған өтініші бойынша жұмыс жүргенін көрген әйел бас полицейге аналық алғысын білдірді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру