Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында 10 млн теңгеге жуық қарызы бар көлік жүргізушілері анықталды

Түркістан облысында 10 млн теңгеге жуық қарызы бар көлік жүргізушілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының аумағында полиция сот орындаушыларымен бірге “Қорғау – қауіпті жүргізуші” бағдарламасы бойынша 10 миллион теңгеге жуық қарызы бар көліктерді анықтады.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің планшетіне Қызылорда – Самара – Шымкент тас жолы бойында 8,6 млн теңге қарызы бар Wolkswagen Passat автокөлігі кетіп бара жатқаны бойынша дабыл түседі. Ақпарат бойынша іске кіріскен полицейлер жедел көлікті тоқтатып, жүргізушіге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ түркістандық полицейлер бір миллионға жуық өтелмеген қарызы бар Toyota Camry автокөлігі анықтады. Қазіргі уақытта көліктер айыптұраққа қойылып, тұрғынмен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру