Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында бақташы 4 млн теңгенің малын жымқырған

Түркістан облысында бақташы 4 млн теңгенің малын жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адамның айтуынша, ол жеті бас сиыры мен алты бас жылқысын өзінің бақташысына сеніп тапсырған. Алайда сеніп тапсырған мүлкінің жоқ екендігін айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 млн теңгеден астам.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеуге алды. Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты толық анықтау үшін бірден іске кірісті. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті ер адамның екі жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған 10-нан астам сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру