Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есірткі сатқан күдікті ұсталды

Түркістан облысында есірткі сатқан күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД полиция қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау мақсатында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жергілікті тұрғынның есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Ақпарат алысымен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Ордабасы АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі қылмысына күдікті ретінде 50 жас шамасындағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер ұсталған ер адамның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді.

Нәтижесінде оның үйінде қағазға оралған және 40-тан астам сіріңке қораптың ішінен өсімдік тектес есірткіге ұқсас заттарды тауып алып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес алынған есірткі заттарының жалпы салмағы марихуана болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктікті қамауға алынып, оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру