Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні қолға түсірді

Түркістан облысында полиция есірткі өсімдігін өсірген күдіктіні қолға түсірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер Төлеби ауданында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірген 60 жастағы тұрғынды ұстады. Ол бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс үшін жауапқа тартылған.

Полиция қызметкерлері сот санкциясымен күдіктінің Леңгір қаласындағы үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде ауласынан 300-ге жуық есірткі өсімдігі анықталып, тәркіленді.

Тергеу барысында күдіктінің көкнәр мен каннабис есірткі өсімдіктерін арнайылап егіп, баптап өсіргені белгілі болды. Тергеушілер аталған дерек бойынша қылмыстық істі жүргізіп, көлемі 4 томды құраған іс материалдарын тиісті дәлелдермен бірге сотқа жолдады.

Полиция заңмен тыйым салынған есірткі өсімдіктерін егу және өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру