Атырау облыстық ПД-да ұзақ жылдар полиция саласында абыроймен қызмет еткен әйелдерге құрмет көрсетілді
Атырау облысы полиция департаментінде ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарған әйел қызметкерлерді құрметті еңбек демалысына шығарып салуға арналған "Қызметке адалдық – ұрпаққа өнеге" атты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Салтанатты жиын департамент бастығының төрағалығымен және "Томирис" клубының ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Алтын Сәрсенова, Надия Ажимкулова мен Рита Кунирова және Айман Мәулетова көпжылдық мінсіз қызметі мен ішкі істер органдарына сіңірген еңбегі үшін құрметке бөленді.
Қызметтік жолында ақпараттық-талдау, ақпараттық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер, жоспарлау және ұйымдастыру бағыттарында еңбек еткен ардагер әріптестер полиция қызметінің дамуына елеулі үлес қосты.
Департамент басшылығы ардагер қызметкерлерге адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасылық амандық және өмірдің жаңа кезеңінде толағай табыс тіледі.
