Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған күдікті ұсталды

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш ауданы ПБ кезекші бөліміне «Жібек жолы» шекара бекетінде есірткі контрабандасының жайты анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер өткізу пунктінен өту кезінде азаматтардың бірінен «Линда» атты қызметтік ит белгі бергенін анықтады. Жедел уәкілдер күдіктіні, Қазақстан азаматын тінту кезінде аяқкиімінен есірткі затына ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Тәртіп сақшылары ұсталған ер адамды аудандық полиция бөліміне жеткізді. Сараптамаға сәйкес, алынған өсімдік тектес зат салмағы 1 грамға жуық «марихуана» болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі заттарын заңсыз сақтағаны, өткізгені, өсіргені және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Егер сізде есірткінің заңсыз айналымына байланысты деректер туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, тез арада полицияға 102 телефоны бойынша хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру