Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Түркістан облысында шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” профилактикалық іс-шарасы кезінде шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады. Нақтырақ айтсақ, Қапланбек шекара бекетінен Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына шетелдік жас жігіт өтер сәтте Малком атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатты.

Полиция қызметкерлері ақпарат түскен бойда оқиға орнына жетті. Шетелдікті тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас зат табылды. Нәтижесінде ол кептірілген марихуана болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру