Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі анықталды

Қазығұртта жалған нөмір таққан көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті – қоғам тыныштығын сақтау. Яғни, түрлі жол қозғалыс оқиғаларының алдын алып, қылмыспен күресу жолында табанды қызмет ету. 

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, тыныштық сақтауда белсенді қызмет атқаруда. Мәселен, полицейлер тексеру жұмыстары нәтижесінде ВАЗ-21115 автокөліктің жалған нөмір тағып жүргенін анықтады.

Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік шара көрілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру