Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жүк көтергіш көліктің жүргізушісі мас күйде көлік басқарды

Түркістан облысында жүк көтергіш көліктің жүргізушісі мас күйде көлік басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіде полицейлердің жол бойында жүргізушіні көлігінен мәжбүрмен түсіріп жатқаны туралы бейнежазба таралды. Осы жағдай бойынша нақтырақ айтсақ:

Түркістандық полицейлер ішімдік ішкен жүргізушіні тез арада ұстап, болуы мүмкін жол апатының алдын алды. Яғни үлкен көше бойында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші, өзге де көліктерге авариялық жағдай туғызған.

Анықталғандай, Түркістандық полицейлерге 05 қыркүйек сағат 19:00 шамасында С.Ерубаев көшесі бойынан жүк көтергіш автокөлігінің жол ережесін бұзып келе жатқаны және жүргізушісінің мас халде болуы мүмкін екені туралы хабарлама түскен.

Ақпарат бойынша дер кезінде Түркістан ҚПБ ЖПҚ ППР автоэкипажы оқиға орнына жетті. Содан жол ережесін бұзған көлікті тоқтату кезінде, жүргізуші полицейдің заңды талабына бағынбай, қала көшелерімен қашқан. Одан ары жақын аймақта жүрген ППР автоэкипаждардың көмегімен қашқан көлік кедергі жасау арқылы тоқтатылып, жүргізуші мәжбүрлі түрде түсірілген.

Жүргізуші жергілікті тұрғын болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 5 бірдей бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Олар: 595-бабы (маневр), 606-бабы (авариялық жағдай туғызу), 599-бабы (бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өту), 613-бабы (заңды талапқа бағынбау) және масаң күйде көлік басқарғаны анықталып, 608-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сондықтан жол қозғалысы ережесін сақтаңыздар. Мас халде көлік басқармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру