Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Түркістан облысында жыл басынан бері 140 жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша жалпы 140 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның ішінде 113 жасөспірім түрлі дене жарақаттарымен ауруханаларға жеткізілген. Осындай балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру мақсатында Түркістан облысында «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара аясында Әкімшілік полиция басқармасы мен Жол және коммуналдық қызметтің қызметкерлерімен бірлесе отырып, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер және жолға жақын орналасқан балабақша ғимараттарының алдындағы жолдарға тексеру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ мектеп инспекторлары таңнан қара кешке дейін білім ордасында екі ауысыммен оқып жатқан оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істеуде. Олар мектеп ғимаратына кіріп, шыққан балаларға жол ережелерін түсіндіріп, сенімді өтуге жағдай жасауда.

Жергілікті полиция қызметі басқармасы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларымен жалпы мектептік жиындарда бірінші сыныпқа барғандарды жаяу жүргіншілер қатарына қосу мақсатында «Біз жолдардағы қауіпсіздікті қолдаймыз» тақырыбында іс-шара өтті. Сонымен қатар балалардың жолдарда қауіпсіз жүруін қадағалау мақсатында дәрістер мен сабақтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру