Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қыркүйек күні сағат 09:20 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 28 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 21 тамыз 2020 жылы өмір бойына  көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру