Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды

Түркістан облысының 57 жастағы тұрғыны алғашқы төлқұжатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында акция өткізілуде.

Осы ретте Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі полицейлері ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған құжатсыз азаматтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесінде төлебилік полицейлер отбасылық жағдайына жне басқа да себептерге байланысты жеке басын анықтайтын төлқұжатын ала алмай жүрген тұрғынды анықтап, оған заңға сәйкес қызмет көрсетті.

Яғни, 57 жастағы Фазлиддин Таштемиров есімді азамат осы уақытқа дейін отбасындағы кейбір себептерге байланысты төлқұжатсыз жүрген. Бұл бойынша тәртіп сақшылары Фазлиддиннің мұрағаттағы іс құжаттарын толықтай жинады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынға ҚР-ның азаматы екенін анықтайтын төлқұжатын табыстады. Көші-қон қызметкерлерінің жеделділігіне риза болған азамат өз алғысын айтты.

– Мен Фазлиддин, Төлеби ауданының тұрғынымын. ҚР-ның азаматы екенімді анықтайтын төлқұжатты белгілі бір себептермен ала алмаған едім. Алайда көші-қон полицейлері менің алғашқы төлқұжатымды жасап берді. Көші қон полицейлеріне алғысымды айтамын. Үлкен рақмет, – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру