Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері дүкенде болған ұялы телефон ұрлығын ашты

Түркістан облысының полицейлері дүкенде болған ұялы телефон ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі дүкеннен ұялы телефон ұрланғаны туралы арызданған. Ер адамның айтуынша, ғимараттың екінші қабатында сөреде киімдер үстіне қойған ұялы телефонын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Жәбірленушіден ұрланған Iphone маркалы ұялы телефонның құны 400 мың теңгеге жуық болды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-де тіркелді.Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексерді. Нәтижесінде жедел уәкілдер дүкенге сатып алушының кейіпінде кіріп, қараусыз қалған смартфонды ұрлап, қашып кеткен күдікті әйелді байқады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сайрам АІІБ полицейлері күдікті ретінде көрші Бәйдібек ауданының тұрғынын «ізін суытпай» ұстады. Полицейлер барлық мән-жайларды анықтау үшін ұсталған азаматты аудандық полиция бөліміне жеткізді. Тәртіп сақшылары күдіктіден айғақты зат ретінде алынған ұялы телефонды жергілікті тұрғынға қайтарып берді. Ол өз кезегінде полиция қызметкерлерінің жедел атқарған қызметтері үшін алғысын білдірді.

Қазіргі уақытта екі тараптың татуласуына және залалдың өтелуіне байланысты сотқа дейінгі тергеу тоқтатылып, номенклатуралық іске тапсырылды.

Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Ұялы телефондар мен әмияндарды көзге көрінбейтін жерде сақтау керектігін ескертеді. Сондай-ақ сауда орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылын орнатыңыздар. Егер, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға «102» телефоны арқылы хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру