Павлодарлық мас тұрғын үйінде шу көтерді
Павлодарлық мас тұрғын үйінде шу көтерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ертіс ауданының полициясына 59 жастағы ауыл тұрғынынан арыз түсті. Әйел 47 жастағы ағасына қатысты шара қолдануды сұрады.
– 2021 жылы 8 маусымда әйел ағасы үйде мас күйінде болған кезде жанжал шығарып, оның атына дөрекі тіл тигізіп, әпкесіне психологиялық және моральдық азап келтіргеніне шағымданды. Учаскелік полиция инспекторы ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК 73-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғады, үш ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылды, – деді Павлодар облысы Ертіс аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Материал сотта қаралды. Ертіс аудандық сотымен ер адам үш тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды, сондай-ақ алкогольдік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салумен және учаскелік полиция инспекторына апта сайын профилактикалық әңгімелесу үшін белгі қоя отырып, мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеу туралы қолдаухат қанағаттандырылды.