Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері карантин талаптарының сақталуын бақылауға алды

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы полицейлердің қатаң бақылауында тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық-дәрігерінің 2020 жылғы №39 қаулысы негізінде, Бәйдібек ауданында коронавирус індетінің тіркелуіне байланысты, халық арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды.​​​​​ Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көлемінде көшелерге, шектеу белгіленген жерлерге ішкі бекеттер қойылды. Осыған орай, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы, адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтауды түсіндіріп өтті.​​​


Карантин шараларының орындалуын Бәйдібектік полицейлермен қатар Келес АПБ-нің қызметкерлеріде бақылауға алып, қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Келестік тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Арнайы көліктермен, көше-көшені аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертеді. ​​​​​​​​​Соның нәтижесінде өткен сенбі, жексенбі күндері Келес АПБ және Әкімшілік қызметкерлерімен біргелікте рейд іске асып, кафе-базарлар жұмыстарын ТО Бас санитарлық-дәрігерінің қаулысына сәйкес сенбі-жексенбі күндері тоқтатты.​​​​​​​​​

Бұдан кейінгі күндері де полицейлер кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескеріп жұмыс істеуін ұғындырып, қадағалап, рейдті үздіксіз ұйымдастырып отыратынын ескертеміз.

Сондай-ақ ұнауы мүмкін

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.