Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады

Түркістан облысының полицейлері мас халде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруда. Осындай кезекті шара барысында тәртіп сақшылары ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізушіні анықтады.

Полицейлер күндізгі сағат 16:30 шамасында жол ережелерін өрескел бұзып келе жатқан “Volkswagen Passat” маркалы автокөлікті тоқтатады. Оны тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің мас күйіне күдіктенді.

Сонымен қатар автокөлік иесінің құжаттарын тексеру барысында бұдан алдын да мас халде көлік басқарғаны үшін бес жыл мерзімге автокөлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Осыған қарамастан екінші рет алкогольдік масаң халде көлік басқаруына күдіктенген полиция қызметкерлері оған қатысты медициналық сараптама тағайындады. Куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізушінің есірткілік масаң халде екендігі анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру