Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері шетелдік азаматтан гашиш тәркіледі

Түркістан облысының полицейлері шетелдік азаматтан гашиш тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының полицейлері мен ҰҚК шекарашылары қызметтік ит Нойстың көмегімен “Атамекен” бақылап-өткізу бекетінде есірткі заттарын заңсыз тасымалдау фактісін анықтады.

Нақтырақ айтсақ, полиция бөліміне “Атамекен” шекара бекетінде қызметтік ит шетелдікке тыйым салынған зат бойынша күдік келтіргені туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары күдіктіні, яғни Тәжікстан азаматын анықтады. Жедел уәкілдер тексеру кезінде ер адамның шалбарының қалтасынан есірткі тектес заты бар ыдысты тапты. Заттай дәлелдеме сараптамаға жіберілді. Жүргізілген сараптамалар тәркіленген есірткі затының гашиш екенін растады.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Оқиға бойынша жинақталған іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Күдікті шетелдік ер адам қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру