Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері үй ұрысын анықтады

Түркістан облысының полицейлері үй ұрысын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын ұрлықтың құрбаны болғандығы жөнінде хабарласқан. Жәбірленуші әйел бөлмесінде тұрған Redmi ұялы телефонын күндізгі сағат 11:00 шамасында белгісіз біреу ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 90 мың теңге. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Хабар алысымен тәртіп сақшылары оқиға орнына жедел жетіп, бірден іске кірісті. Қажетті шаралардың барлығын жасап, көрген-білгендерден жауап алды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, тәулік ішінде күдікті ретінде екі азамат анықталып, оның бірі Сарыағаш қаласынан ұсталды. Қазіргі таңда полицейлер екінші күдіктіге қатысты іздестіру амалдарын жүргізуде. Сондай-ақ күдікті жас жігіттен айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп алынып, заңды иесіне табысталды.

Тергеу барысында жәбірленуші әйел үйінен шығып кеткен кезінде күдікті азамат пен оның сыбайласы терезені ашып, бөлмесіне кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырып, «ізін суытқандығы» белгілі болды. Бүгінде оңай жолмен пайда таппақ болған күдіктінің бірі қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру