Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 2 жасөспірім қызды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына екі әйел хабарласып, көмек сұрады. Көрші тұратын жалғызбасты аналардың айтуынша, біреуінің 10-сынып, екіншісінің 9-сынып оқитын қыздары 29 қаңтар күні үйлерінен шығып кетіп, содан қайта оралмаған.

Жоғалған жасөспірім қыздарды тез арада табу мақсатында Түркістан қаласының тәжірибелі полицейлері іздестіру жұмыстарын жүргізді. Із-түссіз кеткен екі кәмелет жасына толмаған қыздардың суреттері жолаушы тасымалдаушыларға көрсетіліп, Түркістан қаласында орналасқан ойын-сауық орындары, қонақ үйлер тексерілді. Сондай-ақ Түркістан облысы ПД-ға қарасты барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерімен, басқа да облыстық полиция департаменттерінің криминалдық полиция басқармаларына бағытнамалар жолданды.

Түркістандық тәртіп сақшыларының 3 тәулік бойы үзіліссіз жүргізген іздестіру шаралары оң нәтиже беріп, жасөспірім қыздар табылды. Олар облыс орталығындағы 1-мөлтекаудандағы жалдамалы пәтерден табылды. Осылайша дін-аман табылған оқушы қыздар, отбасыларына қайтарылды. 

Анықталғандай, екі жасөспірім өздері тұру үшін пәтер жалдаған, содан 3 күн бойы сонда түнеген. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қыздардың аналарына профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Екі қыздың анасы полиция қызметкерлерінің жұмысына риза болып, алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру