Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кәсіп ашамын деген тағы бір тұрғын алаяққа алданып қалды

Шымкентте кәсіп ашамын деген тағы бір тұрғын алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау АПБ-ның кезекші бөліміне 41 жастағы әйел адам жүгінген. Ол өз арызында, бір жылдан бергі танысы “Кәсіпті бірлесе бастаймыз” деп, алдын ала 2 млн 500 мың теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 57 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды істі болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын мойындады. Күдікті алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Сонымен қатар өз әрекеті үшін өкінетінін жеткізді. 

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру