Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жол шетіне шығып кеткен көлік жүргізушісіне көмектесті

Түркістан облысының полицейлері жол шетіне шығып кеткен көлік жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының таулы аймақтарында қар қалың жауып, аяз болды. Бірқатар жолдар жабылып, сапарға шыққан көліктер жолда тұралап қалды. Осындай сәтте күшейтілген режимде жұмысқа кіріскен полицейлер мүмкіндігінше жүргізушілерге жәрдем берді.

Түркістан облысы ПД ЖПҚБ ППБ-ның қызмет инспекторлары Ерік Адырбеков пен Аңсар Жалғасбеков Түлкібас ауданына қарасты Шақпақбаба маңында жол жиегінен шығып кеткен Эвакуатор көлігіне көмек қолын созды.

Яғни, Алматы – Ташкент – Термез тас жолының 601 шақырымында аталған көлік ауа райының қолайсыз, жолдың мұз болуынан доңғалағы тайып, жолдан еріксіз шығып кеткен. Содан қозғалыссыз қалған көлікті жол бойына тексеріс жүргізіп жүрген полицейлер дер кезінде байқаған. Олар дереу әрекетке көшіп, жолай өткен көліктердің барлығын тоқтатып, сүйреп шығаруға керекті құралдарды түгел жиыстырған.

Осылайша полиция қызметкерлері қажетті шараларды жасап жүріп, нәтижесінде жолды тазарту жұмыстарын жүргізіп жүрген арнайы АВТОДОР мекемесінің көлігімен тартып шықты.

Эвакуатор иесі өзі де, көлігі де қауіпсіз жерге шыққан соң көмектескен жүргізуші мен екі полицейдің жанашырлығына риза болып, алғыс айтты.

– Шымкенттен Таразға қарай жол тартып едік. Полиция қызметкерлеріне Алла разы болсын! Тез арада ұйымдастырып, көлігімізді жолға шығаруға үлес қосты. Алғысымыз шексіз, – деп ыстық ықыласын білдірді.           

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру